Четверг, 13 июня 2019 12:01

Ақмола облысының полиция органдарында азаматтарға арналған фронт-офистер ашылды (ФОТО) Избранное

Автор

Бүгін Ақмола облысының полиция департаментінде және Көкшетау қаласының полиция басқармасында азаматтарды қабылдауға арналған жаңа фронт-офистер ашылды. Фронт-офистердің ашылу салтанатына қонақ ретінде Ақмола облысының мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, консультативтік-кеңестік органның мүшелері, полиция ардагерлері, қоғам және БАҚ өкілдері шақырылды.

«Полиция қызметінде фронт-офистердің құрылуы біздің мекеменің ашықтығын қамтамасыз етудегі, азаматтармен қарым-қатынасымыздың жаңа форматына көшудегі маңызды қадамдардың бірі болды. Көмекке жүгінетін ақмолалықтар үшін ең қолайлы жағдайлар жасау, әкімшілік бөгеттерді жою, сапалы қызмет көрсету – біздің басты мақсатымыз», - деп салтанатты жиынға қатысушылардың алдында сөз сөйлеген Департамент басшысы, генерал-майор Берік Билялов айтып өтті.

Фронт-офистер облыстық полиция департаменті мен қалалық бөлімшенің әкімшілік ғимараттары аймағында орналасқан. Фронт-офистерде азаматтарды қолайлы қабылдау үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған: келген азаматтарға бастапқы консультациялық көмек беретін, қай мәселе бойынша қандай маманның көмегіне жүгінуге болатынын түсіндіретін мамандары бар заманауи ресепшн орналасқан.

DSC 0661

DSC 0667

Сонымен қатар, азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, олардың өтініштерін немесе шағымдарын қабылдайтын тергеу бөлімінің, криминалдық және әкімшілік полиция, көші-қон және жергілікті полиция қызметкерлері отыратын ашық кабинеттер орнатылған. Оған қоса азаматтар Департамент басшысының немесе оның орынбасарларының қабылдауына жазыла алады.

Бұл шаралар өтініштерді қарау мерзімдерін қысқартып, мәселелерді шешудің ашықтығын, қолжетімділігін қамтамасыз етеді әрі жемқорлық тәуекелдерін жоюға ықпал етеді.

Фронт-офистерде барлық құрылымның байланыс нөмірлері көрсетілген ақпараттық стендтер орналастырылған. Түрлі мемлекеттік салықтар мен әкімшілік айыппұлдарды төлеуге арналған төлемдер жасау терминалы қойылып, тегін интернет (wi-fi) жүйесі енгізілген. Сонымен қатар адалдық дүкені ашылып, ыңғайлы күту орындары қамтамасыз етілген. Фронт-офистер дәстүрлі жұмыс уақытына қарамастан жұмыс күндері 9 сағат, сенбі күні 6 сағат жұмыс істейді.

Жалпы, фронт-офисте өтініш берушілерге, ақпарат алушыларға, полиция қызметіне жүгінгісі келген кез келген тұлғамен тікелей қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік мол. Бұл халық пен тәртіп сақшылары арасындағы көпір болмақ. Яғни, халық қажетті ақпаратты алып, құқық қорғау органының қызметіне қатысты кез келген мәселе бойынша кеңес сұрай алады. Осындай фронт-офистер ағымдағы жылы полиция органының барлық аймақтық құрылымдарында пайда болады деген жоспар бар.

DSC 0674

DSC 0702

Самые интересные статьи в нашем telegram logo Telegram-канале
Понравилась статья? Расскажите друзьям:
Просмотрено: 15 раз
При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна - www.rezonans.kz
При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна.
Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №16873-СИ от 31.01.2018г. выдано Комитетом информации министерства информации и коммуникаций РК.
© 2018 Информационно - аналитический портал "РЕЗОНАНС" Все права защищены. Разработано веб-студия "IT.KZ"
Яндекс.Метрика