Пятница, 08 февраля 2019 15:34

"Балаларды қыра береміз бе": Ақтөбеде ашынған аналар әкімдікке келді (видео) Избранное

Автор

Бүгін ақтөбелік көпбалалы аналар жанайқайын айтып, тағы да әкімдікке келді. Баспана мен жәрдемақы мәселесін көтерген аналар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің қызметтен кетуін талап етті деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

"Менің де бес балам бар. Мен де кешкілік баламды тастап кетіп, жұмыс істеймін. Байлардың ыдысын жуып ақша тауып отырмын. Бізге күніге байлар мазақ қылып, 1500 теңге береді. Сол ақшаға балаларымызға тамақ алып отырмыз. Жаман айтпай, жақсы жоқ. Мен де түнде балаларымды қамап кетемін. Кешегідей жағдай тағы қайталанса кім жауап береді?! Баяғы әке-шешесі кінәлі болып қалады. Күнкөріспен шапқылап балаларды қыра береміз бе? Баларымның алды 10 жаста, арты 3 жасқа толады", - дейді Жанымгүл Бижанова.

ссм

Жанайқайын айтқан аналарды қала әкімінің орынбасары қабылдап жатыр. Әкімдікке жүзден аса көпбалалы аналар жиналды. Денсаулығы нашарлап, жедел жәрдем шақырып жатқандары да бар.

"Мен 11 баланың анасымын. Баспана мәселесімен жүрмін. Қуықтай үйде бір топ адам тұрып жатырмыз, Алла көп көрмесін. Мен де осы ана мен бала мәселесіне қолдау білдіруге келдім",- дейді Әсем Бекмағамбетова.

Айта кетерлігі, қалалық әкімдікке аналар таңғы сағат 10-нан бастап жиналды. Үздіксіз ағылып жатқан халықтың қарасы көп.

мсс

"Көп балалы аналарға 16 мың теңге көп ақша деп айтқан министр Әбілқасымова қызметінен кетсін. Орнына өмір көрген, 3-4 баланы өмірге әкелген адам келсін. Кәмелеттік жасқа толғанға дейін әрбір балаға мемлекет жәрдемақы берсін. Жәрдемақы берерде несие алатындай қылып, барлық кірісті сұрайды. Ал мектепке ақша жинаған кезде сенің жағдайың сұралмайды. Қоғамдық көліктерде оқушылар, көпбалалы отбасынан шыққан студенттер тегін жүрсін. Біз ана мен баланың тегін емдеуіне жағдай жасауды талап етеміз", - дейді аналар.

Әкімдікке келген аналардың кейбірі "бос уәде" деп көңілдері толмай тарап жатыр.

Самые интересные статьи в нашем telegram logo Telegram-канале
Понравилась статья? Расскажите друзьям:
Просмотрено: 159 раз
При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна - www.rezonans.kz
При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна.
Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №16873-СИ от 31.01.2018г. выдано Комитетом информации министерства информации и коммуникаций РК.
© 2018 Информационно - аналитический портал "РЕЗОНАНС" Все права защищены. Разработано веб-студия "IT.KZ"
Яндекс.Метрика