Вторник, 03 сентября 2019 12:44

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» атты алғашқы Жолдауына пікір Избранное

Автор

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін ел халқына «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» атты алғашқы Жолдауын ұсынды. Бүгінгі Жолдау осы жылдың маусым айында сайланған Президенттің тұңғыш Жолдауы болғандықтан ерекше қызығушылық тудырады. Жолдаудың міндеттері Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының негізгі ережелерімен сәйкес келеді, бұл оның өзі қабылдаған шешімдердің жүйелілігін және олар үшін нақты жауапкершілікті сезінетіндігін көрсетеді.

       2019 жыл қазақстан қоғамының өткір саяси мәселелерді талқылауға белсенді қатысуға дайын екенін көрсетті. Қоғамдық саяси реформаларға сұраныс бүгінгі күні ерекше жоғары. Сондықтан да Қоғамдық диалог тақырыбы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы Жолдауының өзегі болып отыр. Елдің саяси жүйесін кезең-кезеңмен жаңаша жаңғыртуға шақыра отырып, Президент оның базалық сипатын атап көрсетеі: « ... елдің қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртпайынша табысты экономикалық реформаларға қол жеткізу мүмкін емес». Президент атынан сөйлеген билік жалпы мемлекеттік сындарлы міндеттерді ашық талқылауды бастауды ұсынады. Осыған байланысты көп партиялықты одан әрі дамыту, қоғамдық келісімді сақтау, халықпен тиімді байланыс орнату, митингілер туралы заңнаманы жетілдіру сияқты мәселелерге баса назар аударды.

       Президент еліміздегі қоғамдық келісімді нығайтудың «негізгі кілті» болып табылатын тіл мәселесіне де ерекше тоқталды. Бұл жөнінде ол: «Еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасай береміз.Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек» деп атап көрсетті.

           Президент өз Жолдауында сот пен құқық қорғау жүйесін жетілдіруге, бизнесті дамытуға, қаржы ресурстарын дұрыс бөлуге, халыққа әлеуметтік қолдау көрсетуге, ел аймақтар арасындағы теңсіздікті жоюға және басқа да халықты толғантып жүрген мәселелерге ерекше көңіл бөледі. Алдағы саяси реформалар сияқты бұл жұмыс Қазақстанның әрбір азаматы мемлекет тарапынан қамқорлықты сезінуіне және өзінің конституциялық құқықтарын қорғауға сенімді болуына бағытталуы тиіс деп айтты.

       Білім беруге бұрынғыдай мемлекеттің дамуындағы стратегиялық рөль беріледі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында республика ауылдарындағы мектептердегі білім беруді жетілдіру, жоғары оқу орындары жұмысының сапасын және ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру мәселесі де көтерілді.

       Президент өз Жолдауында көрсеткендей, әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі білім беру сапасын жетілдірумен тығыз байланысты. Сондықтан Президент атап айтқандай, «маман даярлау ісі еліміздегі және ғаламдағы еңбек нарығынан тыс қалмағаны жөн». Сөйтіп Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің жоғары оқу орындарының алдына бәсекеге қабілетті, білікті маман дайындау, олардың оқу бітіргеннен кейінгі «өмірден өз орнын табу», яғни жұмысқа орналасу мәселесін қатаң қадағалаумен қатар, ғылыми-зерттеу жұмыстарын сапалы жүргізіп, оны коммерциаландыру бағытында қарқынды және нақты жұмыстарды жасауға үлкен міндеттер артып отыр.

       Президент өз Жолдауында қоғам мен биліктің өзара ықпалдасқан іс-қимылының осы түрін неғұрлым сындарлы деп есептей келе, азаматтарды ашық диалогқа шақырады. Президент өзекті, шешімін күтіп тұрған мәселелердің бар екенін ашық айта келе, сонымен бірге оларды шешудің ұтымды жолдарын ұсынады, тәуекелдер мен мүмкіндіктерді прагматикалық тұрғыдан бағалайды.

 

Құрметпен,
Куляй Жаксылыкова

К. Сәтбаев атындағы КазҰТЗУ профессоры

Самые интересные статьи в нашем telegram logo Telegram-канале
Понравилась статья? Расскажите друзьям:
Просмотрено: 636 раз
При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна - www.rezonans.kz
При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна.
Свидетельство о постановке на учет, переучет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №16873-СИ от 31.01.2018г. выдано Комитетом информации министерства информации и коммуникаций РК.
© 2018 Информационно - аналитический портал "РЕЗОНАНС" Все права защищены. Разработано веб-студия "IT.KZ"
Яндекс.Метрика